Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», − деп жазылған хабарламада.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді. Себебі Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін осындай тапсырма түскенін және мәселені пысықтап жатқанын жеткізді. 

Киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес. Дәл осы құжатқа, сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі көтеріледі. Сондай-ақ, аңшыларға тек аналық киікті атуға рұқсат бекітілуі мүмкін. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда велосипедтен құлап, жарақат алу жағдайлары жиіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *