Қазақстан паспорты Орталық Азия елдеріндегі ең мықты төлқұжат деп танылды. Ол VisaGuide әлем елдері паспортының 2024 жылғы қарашадағы рейтингісінен белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Ұйым мамандары 199 елдің паспортына сараптама жасаған. Олар ел азаматтарының осындай құжатпен қанша елге визасыз кіре алатынын, шетелге жеткен уақытта виза алу мүмкіндігін, электронды визалар және соны талаптарға қаншалықты сай екенін ескерген. Әлемдегі ең мықты құжат деп Сингапур паспорты танылды. Оның 2024 жылғы қарашадағы рейтингі 91,27 болды. Одан кейінгі орындарға испан, итальян, француз және венгр паспорттары орналасты. Қазақстан рейтингте 106-орында тұр.
Портал мәліметінше, Қазақстан 47 мемлекетпен визасыз жүйе орнатқан. Қазақстандықтар әлемнің 117 еліне визамен кіре алады. Әлемнің ешбір мемлекеті Қазақстан азаматтарына елге кіруге тыйым салмаған.
Рейтінгте Өзбекстан 125, Қырғызстан 134, Тәжікстан 141, Түркіменстан 161-орында тұр. Ал биыл ақпанда Arton Capital консалтинг компаниясы әлем елдері паспорттарының рейтингін жариялаған кезде Қазақстан паспорты ТМД елдері арасындағы ең мықты төлқұжаттардың бірі деп танылды. Қазақстан осы тізімде 93 елдің арасында 54-орынға орналасқан.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы екі ауданның мәселесін депутаттықа кандидат Дамир Абдин шешуге ниетті