[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-29-at-16.09.45-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жас актері Қонысбек Жанболат «Театр барысы – 2023» республикалық турнирінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Театр барысы – 2023» турнирі Астана қаласында наурыздың 28-і күні ұйымдастырылды. Оған әр түрлі салмақ дәрежесінде 16 облыстың актерлері қатысып, бақ сынады. Қазақ театрының намысын Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті Қонысбек Жанболат қорғады. 66 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан, қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға ие болды. Айта кетсек, жас актер қазіргі уақытта қазақ театрында еңбек етіп жүр.

«Әуелі Алла, екіншіден ата-анам, үшіншіден мені қолдаған жандардың арқасында жеңіске жеттім. Сәттілік серігім болып, бағым мен бабым қатар шапты деп ойлаймын. Бұл жарысқа 20 күндей дайындалдым. Негізі, мектепте оқып жүргенде күреспен айналысқанмын. Араға 7 жыл салып, кешегі жарыста чемпион атандым. Өте қуаныштымын», — дейді С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жас актері.

Жеңімпазға алтын белбеу мен медаль, сонымен қатар 250 мың теңгенің ақшалай сертификаты табыс етілді. Қонысбек Жанболаттан бөлек, турнирде университеттің тағы 2 студенті қазақ театрының намысын қорғады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x