Қазан айы Қазақстанда кәсіби мерекелерге толы ай болып саналады. Сонымен қатар, еліміздегі басты мерекелердің бірі — Республика күні аталып өтіледі. Қазан айындағы мерекелер мен айтулы даталарға BAQ.KZ шолу жасады, жазады Qazaqstan Media
Қарттар күні
1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтіледі. Халықаралық қарттар күні – 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.
Мұғалімдер күні
Қазақстандық ұстаздардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанда аталып өтіледі.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні 2023 жылға дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі мерекелейді.
Қазанда бірнеше кәсіби мереке бар.Олар:
Радио күні – 1 қазан;
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
Қазақстан кәсіптік одақтарының күні – 10 қазан;
Құтқарушы күні – 19 қазан;
Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі;
Кітапханашы күні – 24 қазан;
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан.
Республика күні
Қазанда елімізде Республика күні атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтарға демалыс беріледі. Бұл күн биыл сенбіге сәйкес келеді. Соған қарамастан қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болады. 25 қазан сенбіден 27 қазан дүйсенбіге ауыстырылады. Бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін отандастарымыз үш күн қатарынан демалады:
«Отбасы банк» шектеу қоймақ
2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Отбасы банк» жалдау және ипотека төлемдерін онлайн шектеп, оларды тек жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін бөлімшелерде немесе “Баспана Маркет” порталы арқылы қабылдайды. Портал арқылы жасалған өтінімдер үш жұмыс күнінде қаралатынын ескеріп, банк клиенттерге төлемдерді алдын ала жүргізуді ұсынады.
Мүлік салығы
2025 жылдың 1 қазанына дейін жеке тұлғалар 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеуі тиіс. Салық нысанның құны мен оны иелену мерзіміне қарай есептеледі. Кейбір санаттағы азаматтар (ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және т.б.) жеңілдіктерге ие. Уақытында төлемеген жағдайда қарызға айыппұл қосылып, шоттарға тыйым салынып, шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Салықты e-Salyq Azamat, банктердің қосымшалары, egov.kz және банкоматтар арқылы төлеуге болады.
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлері маска тағып жүреді
15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды.
Құжатта тұмау, ЖРВИ және COVID-19 таралуының алдын алуға қатысты шаралар кешені қамтылған. Оған сәйкес, медициналық мекемелердегі дезинфекциялық режим күшейтіледі. Сондай-ақ, қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска кию режимі енгізілетіні туралы айтылған.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке ең үздік атау беру байқауы басталды
Атом энергиясы жөніндегі ҚР агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға елдің әрбір тұрғыны eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қатыса алады.
Қатысу үшін тілді (қазақ немесе орыс) таңдап, өз атау нұсқаңызды ұсыну, қажет болса оның мағынасын қысқаша сипаттау және байқаудың ресми ережелерімен танысқаныңызды растау қажет.
Ұсыныстар 10 қазан күні сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Тағы оқыңыз: Қылмыстық құқықбұзушылықтардың 78 пайызы мас күйде жасалады