Қате ақпарат таратқан журналистер заң алдында жауап беруі мүмкін

Алдағы уақытта қате ақпарат таратқан журналист заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұған дейін жалған ақпарат таратқандардың үстінен кез-келген уақытта, тіпті 10 жылдан кейін де шағым түсіру мүмкін болған. Одан бөлек қаралып жатқан заңға сай мемлекеттік органдар журналистердің ресми сауалына 5 күн ішінде жауап берулері тиіс.

Сондай-ақ құжатта телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі реттеледі. Депутаттар қазақ тілінің үлесін 70 ал орыс тіліне эфирдің 30 пайызын бөлуді ұсынып отыр. Заң жобасында журналистерге баспасөз картасын әзірлеу мәселесі де бар. Карта әзірленсе ол өзге азаматтардың құқығын шектеуі мүмкін. Сондықтан екінші оқылымға дейін құжат қайта пысықталатын болды.

Тағы оқыңыз: «Қазгидромет» РМК желтоқсан айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x