«Егемен Қазақстан» газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Елдігімізді танытқан ерен жыл» тақырыбында мақаласы жарық көрді. Онда Президент елді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Мақалада Президент қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстарға қысқаша тоқталды. Президент биыл жұмыс сапарымен елдің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ елдің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізген.
Сыртқы саясатта да жемісті жыл болды. Президент биыл 23 рет шет мемлекетке сапарлады. 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына қатысқан. Халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті. Шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілерімен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен 84 кездесу өткізді. Мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлесіпті.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда апатты мектептер жоқ