Тайынша ауданында тұрғындарды біріктірген ауқымды экологиялық акция өтті. 11 қазанда аудан орталығында 10 мың қарағай көшеті отырғызылды. Бұл тұрғындардың туған өлкенің тазалығы мен жасыл болашағына қосқан үлесі болып саналады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Термометрде бар болғаны екі градус көрсетіп тұр. Бірақ, бұның өз көмегі бар. Себебі, салқын ауа райында жас ағаштар тез бейімделеді екен.

Бұл күні Тайынша қаласының көшелері мен шеткі аймақтарында қызу жұмыс жүрді. Біреуі отбасымен келсе, енді бірі еңбек ұжымын ерте келген. Шараға мектеп оқушылары мен еріктілер де қатысты.

«Бүгін Тайынша ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында республикалық сенбілік өтіп жатыр. Акцияға шамамен екі мың адам қатысуда. Олар аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, оқушылар, жастар мен еріктілер», — деді Тайынша ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дастан Карбаев.

Шараға қатысушылардың барлығы мерекелік көңіл күйде болды. Адамдар әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке де түсіп жатты.

«Бәрінен бұрын қаладан көп тұрғынның келгені қуантады. Барлығы ұйымшылдықпен, ынта-жігермен жұмыс істеуде. Осындай ауызбіршілікпен бүгінгі міндетімізді тез арада орындаймыз деп ойлаймын», — деп бөлісті AMANAT партиясы аудандық филиалының төрағасы Мереке Хамзин.

Аудан тұрғындарына аудан әкімі Берік Әлжанов та қосылды. Ол шараға қатысқан әр жанға өз алғысын білдірді.

Қарағайлы орман болады! «Таза Қазақстан» акциясы Тайынша ауданының тұрғындарын біріктірді
Қарағайлы орман болады! «Таза Қазақстан» акциясы Тайынша ауданының тұрғындарын біріктірді

«Барлығы жақсы көңіл-күймен, туған жердің көркеюіне үлес қосуда. Тайыншада ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін 10 мың қарағай отырғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл қарағайлы орман уақыт өте келе қаланың сәнін кіргізіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа табиғатты қорғаудың, туған жерге қамқорлық жасаудың маңызын еске салатын ескерткішке айналады деп сенемін», — деді ол.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мың көшет отырғызылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *