Төтенше жағдай департаменті алтыншы қарашада өңірде қар, бұрқасын болады деп дауылды ескерту жасады. Облыс аумағында көктайғақ болып, тұман түсуі де ықтимал, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Желдің екпіні 25м/с дейін жетуі мүмкін.
«Петропавл қаласында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с, бағыты оңтүстік-батыс»,-деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны отбасын сақтап қалу үшін «жоқ көріпкелге» 4,5 млн теңгесін берген

