Соңғы екі күндегі ауа райы  солтүстікқазақстандықтарды  әбден әбігерге салды. Кеше жауын мен бұршақ, бүгін қар жауып, дүлей жел тұрды. «Қазгидромет» АҚ СҚОФ хабарлауынша, қатты жел 30-шы сәуірде де сақталып, екпіні 28 м/с болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанда болған нөсер жауын мен ірі бұршақтың соңы, ұшқындаған қарға, қатты желге ұласты.  Оның салдары да жоқ емес. Куәгерлердің айтуынша, табиғи құбылыс петропавлдықтардың бірінің көлігіне зақым келтірген.

Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады
Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады

Ал, Новоишимское ауылында   бес қабатты үйдің шатыры желмен ұшып кеткен.

«Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское  ауылында екпінді желдің нәтижесінде 29-шы сәуірде бес қабатты үйдің шатыры жартылай ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ»,-деп хабарлады жауапты органдар.  

Желдің екпіні  32 м/с дейін жетті.  Ал, мамандар желдің жылдамдығы 24 м/с-тан жоғары «қатты дауылға» жатады деп отыр.  Мұндай ауа райы 30-шы сәуірде де жалғасын табады. 112 номері тұрғындарға СМС ескерту хабарламасын жолдап жатыр.

Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады
Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады

Жел мен қар облыстың елдімекендерін су тасқынынан қорғайтын бөгеттер мен үйінділерге қауіп төндіріп жатыр.  Түні бойы мыңнан астам адам су бөгеттерін нығайтуды тоқтатқан жоқ. Олар дауыл мен жауынға қарамастан ауылдарды тілсіз жаудан қорғап жатыр.

Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады
Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады

«Желдің күшеюі қатты толқынның пайда болуына ықпал етеді. Су ағыны қатты болады. Толқын немесе дауылдың күшеюі  әсерінен су деңгейінің күрт көтерілуі ықтимал», — деп қосты синоптиктер.

Жалпы, соңғы 10 сағат ішінде Есіл өзеніндегі су деңгейі төрт сантиметрге төмендеді.

Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады
Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады

Тағы оқыңыз: Петропавлда көпқабатты үйден құлаған әйел әлі ауыр халде жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *