Петропавл қаласында биыл аулаларды, көшелерді және қоғамдық алаңдарды жаңарту бойынша кең көлемді жобалар жүзеге асырылды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев қаланың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндама жасап, негізгі бағыттарды атап өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Жаңа аулалардың  саны артты

Облыс орталығында 37 аула жаңартылыпты. Оларда брусчатка төселіп, асфальт жабыны жаңаланған. Футбол және балалар ойын алаңдары жабдықталды. Оған қоса, тұрғындар демалатын орындар да ұйымдастырылған. Қала әкімі бұл жұмыстар тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін айтты.

Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»
Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»

«Біз үшін ең маңыздысы – адамдардың жайлылығы. Әрбір аула қауіпсіз әрі функционалды болуы тиіс. Биыл жаңғыртылған 37 аула – осы бағыттағы нақты нәтиже», – деді әкім.

ДИЗАЙН-КОД: қаланың бірыңғай келбеті қалыптасады

Петропавлдың дизайн-коды дайындалуда. Бұл – қаланың сәулеттік стилін жүйелеуге бағытталған маңызды құжат. Әкімнің айтуынша, жобаның алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Екінші кезеңде магистральды көшелердің бірыңғай дизайн-жобалары әзірленеді.

Конституция көшесі: жаңа серуен аймағы

Қала орталығын жандандыру мақсатында Қазақстан Конституциясы көшесінің бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Мердігер – «Мирас Group» ЖШС. Қазір 38 мың м² брусчатка төселді, 37 қоқыс урнасы, 50 орындық орнатылды, 6 LED-экран монтаждалды.

Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»
Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»

Жолдардың жағдайын жақсарту

Қалаладағы жолдардың ұзындығы жалпы  — 366 км. Оның 144 шақырымына қиыршық тас төселген.

«Алдағы бес жылда барлық тас төселген көшелерді асфальттауды көздеп отырмыз. Бұл — қаланың ұзақмерзімді инфрақұрылымдық даму жоспарының негізгі бөлігі», – деді әкім.

Шаһардағы жолдарды жыл бойы күтіп ұстау үшін ЖИ пен цифрлық бақылау құралдары қолданылады. Жолдарды жазғы күтіп ұстауға 1,786 млрд теңге бөлінді.

Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»
Қала әкімі: «Біздің мақсат – жайлы қала қалыптастыру»

Айта кету керек, қысқы уақытта қар тазалау мен шығару жұмыстарын да енді ЖИ орнатылған камералар бақылайтын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Аналар кеңесінің» жұмысы қорытындыланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *