«Қайрат» ФК Чемпиондар лигасындағы жорығын жалғастырады. Алматылық клуб өз алаңында Грекияның «Олимпиакос» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Көптен күткен матч Астанада өтеді. Себебі, күн суық, ал Алматыдағы стадионның төбесі жабылмайды. Елордадағы кешенде кез келген ауа райында ойнауға болады.

Алматылықтар үшін бұл еуромаусым оңай өтіп жатқан жоқ: «Пафоспен» (0:0) өткен тең ойыннан кейін, «Интерден» (1:2) және «Копенгагеннен» (2:3) жеңіліп қалды. «Реал Мадридпен» ойынды айтпасақ та болады.

Ойын сағат 20:30-ла басталады. Билеттердің құны 15 мыңнан 50 мыңға дейін. Матч Астанада өтетін болғандықтан, солтүстікқазақстандықтарға Чемпиондар Лигасын көруге мүмкіндік бар.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы зейнетақы өседі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *