Ғылым мен медицина саласындағы жаңа мүмкіндіктер! Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемдегі ең ірі зерттеу және инновациялық орталығымен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қозыбаев университетінің өкілдері Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық делегациямен бірге «АстраЗенека» орталығына барды. Бұл — әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу және инновациялық орталықтардың бірі.
Сапар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «АстраЗенека» Қазақстан өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестіктің жаңа кезеңі Қазақстанның ғылыми-білім беру және денсаулық сақтау экожүйесін трансформациялауға практикалық қолдау көрсетуді көздейді. Тараптар кездесу барысында ғылыми құзыреттерді нығайтуға, медицинада технологиялық шешімдерді енгізуге және елдің денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын дамытуға келісті.

 Біздің ЖОО үшін мұндай ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз келесі салалар бойынша серіктестікке үміттіміз: дәрігерлердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік жобалар, экологиялық жобалар. «АстраЗенека» озық ғылымға тұрақты түрде инвестиция салуды жалғастырады. 2024 жылыкомпания ғылыми-зерттеу жұмыстарына 13 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Бұл — оның жылдық айналымының төрттен бір бөлігі.

Қазіргі таңда орталықтың даму бағытына Кембридж ғалымдары мен әлемнің 9 негізгі зерттеу орталықтары әзірлеп жатқан 191 жоба кіреді. Кембридж орталығында әртүрлі елдерден 2000-нан астам ғалымдар жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желідегі махаббат алаяқтыққа ұласуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *