1 қазаннанСевказэнерго” АҚ жылыту маусымынбастайды. Бұл туралы компания басшылығы ЖЭО-ға барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Облыс әкімі Петропавл ЖЭО-2 жұмысын тексерді. Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорынның алдағы жылуберу маусымына дайындығын пысықтап, қазандықжәне турбоагрегаттардың жұмысын бақылады. Осы жылдың тамыз айында ЖЭО-дағы жаңа мұржа осьінен ауытқыған болатын. Осыған байланыстыоблыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен құрылыс алаңына барды. Бүгінгі күні мұржаны демонтаждау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 15 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланған.

Биыл жоспардан тыс техникалық байқау жүргіздік. Ешқандай проблема жоқ деген қорытынды алдық. 3 мұржаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Техникалық рұқсат алдық. Жылыту маусымына дайынбыз дейді“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Ғауез Нұрмұхамбетов орталықтағы диспетчерлік пунктің жұмысымен де танысты. Биыл«Севказэнерго» АҚ барлығы 11,5 млрд теңгені игеруді жоспарлап отыр. Қазандық және турбиналық қондырғыларға күрделі және ағымдағы жөндеужұмыстары жүргізілген.

1 қазаннан бастап жылыту маусымына 10 қазандықпен кірісеміз. Өткен жылы 2 түтін мұржасы жөнделіп еді, биыл 3-шісін жөндедік.Жылыту маусымында ешқандай қиындық болмайды деген сенімдеміз”, дейді  “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Ғ.Нұрмұхамбетов: “Жаңа мұржаның құрылысы басты назарда болуы керек”

Облыс әкімі жаңа мұржаның құрылысы басты назарда болуы керек екенін атап өтті. Аймақ басшысы компания тұтынушыларға барынша толық ақпаратты уақытылы беріп отыруға міндетті екенін тілге тиекетті.

Барлық проблемаларды инженерлік қызмет, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының мамандары қадағалауы қажет. Бір-бірлеріңізбен тығыз жұмыс істеңіздер. Құбырларға қатысты мәліметтерді жазып, мамандардан кеңес сұрап отырыңыздар. Ешқандай ақау орын алмауы керек”, деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x