Жұмыссыз жүрген жастар 1 миллион теңге көлемінде қаржы ала-алады

Жұмыссыз жүрген не болмаса табысы төмен жастарға қолдау көрсету мақсатында елімізде «ZHAS PROJECT» жобасы қолға алынған. Бағдарлама аясында 18 бен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттер 1 миллион теңге көлемінде қаржы алып, бизнес аша алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Жобаға қатысу үшін ең бастысы қызықты әлеуметтік жоба әзірлеп, оны сәтті қорғап шығу. NEET санатына кіретін жастарды қолдауға бағытталған жобаға қатысуға өтінімдер қабылдана бастады. Байқау аясында 28 жеңімпаз анықталады. Оларға әртүрлі бағытта әлеуметтік жоба қорғап шыққаны үшін 1 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант табыс етіледі. Қазан айының аяғында үздіктер анықталып, қараша айының басында оза шапқан жастарға сертификаттар табыс етіледі.

«Қайтармысыз гранттар болғаннан кейін, әлеуметтік жоба болғасын жіті зерттеп, қанша қаражат кететінін барлығын есептеп, жобасын қорғап шығуы керек. Осы облысқа 8 грант бөлінген. Жобасы комиссия мүшелеріне ұнаса, пайдал іс бастамақ болса, қатысушыға ресми түрде грант табысталатын болады.»,-дейді жоба жетекшісі Шыңғысхан Қожахметов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x