“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ Петропавл екінші жылу электр орталығын жөндеу үшін 9 млрд теңге бөлмек. Нәтижесінде, 3 қазандық пен 1 турбоагрегатта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сәйкесінше, бар назар екінші жылу электр орталына аударылған. Шаруа арнайы жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бүгіндері ол жақта жұмыс қызған, жаңа түтін мұржасы бой көтеріп жатыр.

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ орталықты жөндеу жұмыстарына 9 млрд теңге бағыттайды. 3 қазандық пен 1 турбоагрегат жаңартылады. Маңайын қоршау да жоспарда бар. №1 қазандықта тиісті жұмыстар аяқталды. Қазір қалғандары жөнделуде. Жылу электр орталығына көмір белгіленген кесте бойынша жеткізіліп жатыр. Бүгінде қоймада 85 мың тонна көмір бар”, — деді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Павел Шилов.

Сонымен қатар, биыл “Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” жылыту маусымына дайындық шараларын өткізуге 1,5 млрд теңге бөледі. Бұл ретте 1,1 мың км электрмен жабдықтау желілері мен 61 қосалқы станцияны жөндеу және реконструкциялау жоспарлануда.

«Көкшетау Энерго» ЖШС 2023-2024ж. жылыту маусымына дайындық үшін 628 км электрмен жабдықтау желілері мен 176 қосалқы станцияға жөндеу жүргізуге 259 млн. теңге бағытталды.

“2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Сол бойынша қазандықтарды, жылумен, сумен жабдықтау желілерін жөндеу, қазандықтарды ауыстыру, әлеуметтік сала объектілерін күрделі жөндеу және реконструкциялау, көппәтерлі тұрғын үйлерді дайындау және т.б. жұмыстар көзделген. Жаңа жылыту маусымына 494 қазандық, 602 білім беру нысаны, 363 денсаулық сақтау мекемесін дайындау қажет. Осы мақсаттарға бюджеттен 8 миллиард 457 миллион теңге бағытталды”, — деді Павел Шилов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x