СҚО-да жыл басынан 19 адам описторхозбен ауырған. Оның біреуі — бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл ауруды көбі түсінбеуі мүмкін. Описторхоз паразиттері өт жолдарының шырышымен, қабықты жасушалармен қоректенеді. Осының кесірінен адам көп қан жоғалтады.

Аурудың негізгі белгілері — адам денесінің қышынуы және ісінуі. Описторхозды уақытылы емдемеу жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Адамның басы айналып, саусақтары дірілдей бастайды. Одан қалды, иммунитеті түсіп, жүрек-қан тамырлары зардап шегеді.

«Бүгінде әлемде әрбір жетінші адам описторхозбен ауырады екен. Аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтану қажет. Балық пен ет дайындау технологиясын білген жөн. Сонымен қатар, сауда орындарында тамақ ішпеген абзал»,-дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 5 мың орынға шақталған жабық футбол алаңы салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *