Жуырда ғана тағайындалған СҚО мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті

СҚО-да тағы бір басқарма басшысыз қалды. Қараша айында ғана облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған  Ержан Құлымбетов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ержан Құлымбетов Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласындағы музыкалық театрда тәжірибе алмасқан.

Еңбек жолын 2005 жылы Байқоңыр қаласындағы мәдениет сарайында аккомпаниатор болып бастады.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде «актерлік шеберлік пен өнер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбектенген.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2021 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «сазды-драма және қуыршақ театры» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істеді. Кейін Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Ал қараша айында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бұрынғы жетекшісі Олжас Ыдырысов Ержан Мейрамбекұлын облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұжымына  басшы ретінде таныстырды.

Qazaqstan Media редакциясына Ержан Құлымбетов 7-ші наурыз күні өтініш жазып, өз еркімен жұмыстан кеткендігін айтты.

«Отбасылық жағдайға байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдадым, қазір Астанадамын. Егер қызықты ұсыныстар түсіп жатса қабылдауға дайынмын», — деді Ержан Құлымбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны өсіп барады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x