«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді. Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ ситуациялық орталығы аясында әзірленген. Ол жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жібереді. Ол пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:

  1. https://bilet.railways.kz сайтына кіру қажет.

2.«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» баннерін басу керек.

  1. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.

4.Сондай-ақ, қызметке https://tablo-railways.kz/ru/ сайты арқылы да кіруге болады.

«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге болады.  Қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді.

Tablo-railways.kz сайтында пойыз билеттерін онлайн сатып алу, электронды отырғызу талонын алу, орындарды талап-шағым бойынша қайтаруға болады. Ағымдағы пойыздар кестесін қарау және жүктердің құнын есептеу сияқты қосымша қызметтер қолжетімді», — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкер шетелден алған техникасын тіркей алмай жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *