Жаңа басшыны ұжымға ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» бас директорының орынбасары Әліби Көшербаев таныстырды. Басшылыққа Қанат Өсербаев тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қанат Өсербаев бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ СҚОФ директордың орынбасары қызметін атқарған.

М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын «Стандарттау, метрология және сертификаттау» және «Көлік құрылысы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Солтүстік жол зертханасы» ММ-де құрылыс жұмыстары жөніндегі инженер қызметінен бастаған. 2016 жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның СҚОФ жұмыс істеп, бас маманнан филиал директорының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі азық-түлік бағаларын тексерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *