[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»14050,14051″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Соңғы уақыттары солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитовтің жетістіктері жайлы жиі айтылып жүр. Жуырда ол Солт-Лейк-Ситидегі Солдат Холлоу шаңғы базасында өткен әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Бұдан бөлек, Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында алтын мен 2 қола жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетсек, осы уақытқа дейін мұндай жетістікке ешбір теріскейлік жеткен емес. Бірақ Ерболдың жоспарлары ауқымды. Ол бұдан да биік белестерді бағындыруға ниетті. Оны Qazaqstan Media тілшісімен сұхбаттасқан спортшы жеткізді.

Эстерсунд қаласында өткен кубокке 18 елден 102 спортшы қатысты. Ербол Хамитов сайыста 2 қола мен бір алтын жүлдеге ие болды. Жерлесіміз Бейжіңдегі олимпиада ойындарынан кейін бұл әлем чемпионатында үздік атану үшін бар күш-жігерін салғанын айтады.

«Қаншама жаттығу жұмыстары жүргізілді. Спорт басқармасының қолдауымен шет елдерде бірнеше оқу-жаттығу жиындары болды. Ондай шаралардың маңызы өте зор. Осылардың арқасында Эстерсундте еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын орындатып,  қанжығамызға 2 қола, 1 алтын медалді байладым», — дейді Ербол Хамитов.

Теріскейлік спортшының бұл жеңісі тек өзі үшін ғана емес, барша өңір үшін үлкен жетістік екені сөзсіз. Айтуына қарағанда, осы нәтиже жалпы командалық жұмыстың, бапкерлерінің, шаңғыны майлап, сайлаушылардың, дәрігерлер мен массаж жасаушы мамандардың, жалпы  барша қолдаушылардың еңбегі. Ербол Хамитовпен сұхбаттасу барысында спортқа қалай келгенін, осыған дейін немен әуестенгенін сұрадық.

«Басымнан өткен қайғылы оқиғаға дейін де мен спорт әлемінен алшақ емес едім. 10 жасымнан футболмен айналысып жүрдім де, 15-16 жасымда көңілім ММА спорт түріне ауып кетті. Ал маған атылған оқтан соң, аяғымнан айырылғандықтан бұл спортпен айналыса алмайтын болдым. Өйткені онда аяқтың күші керек, онсыз болмайды. Десе де, мен спортты тастамауға бел будым. Күрестің бір түрі — греплингпен айналыса бастадым. Айта кету керек, алғашқы күндерден бастап Сергей Веселов, Анатолий Ким, Асылбек Дүйсенов ағаларым маған қолдау көрсетті. Жаңа өмірге бағыт-бағдар беріп, өздерінің жаттығу залдарына шақырып, мүмкіндік жасады», — дейді жерлесіміз.

Ербол Хамитов он екі мүшесі сау адамдармен жарыстарға түсіп, жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүрген. Күндердің күнінде спортқа деген ынтасын көрген бапкерлері сенім артып, паралимпиадаға қатысуға кеңес беріпті.

«Өзім солтүстік өңірден болғандықтан, таңдау парашаңғыға түсті. Өйткені, біздің жақта ауа райы жаттығу жұмыстарын жүргізуге қолайлы. Осылай мен параспорт әлеміне келдім», — дейді Ербол Хамитов.

Параспортқа келгеніне ұзақ уақыт болмаса да, Ербол Хамитов біраз жетістікке жетті. Атап өтсек, АҚШ-та өткен әлем чемпионатының қорытынды сайысында әлем бойынша биатлоннан 2-ші, парашаңғыдан 3-ші орынға ие болған. Дегенмен, солтүстікқазақстандық азамат мұнымен тоқтап қалмақ емес. Келешекте одан да биік белестерді бағындыруға ниетті. Бізде талай сынықтардан өтсе де, жігері мұқалмаған спортышымыздың алар асулары алда екендігіне сенімдіміз.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x