Жаңа смартфон алған кезде міндетті түрде IMEI кодын тексеріңіз. Мұндай ескертуді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрліктің хабарлауынша, телефонның IMEI кодын алдын ала тексеру – өзіңізді қорғаудың ең оңай әрі сенімді жолы. IMEI кодты *#06# теру арқылы немесе құрылғы қорабынан және корпустан табуға болады. Бұл құрлығының заңды түрде тіркелгенін және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі.

«Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған құрылғыны сатып алудан, байланыс желісіне қосылу қиындықтарынан, қажетсіз шығындар секілді қиындықтардың алдын аласыз», — дейді министрлік өкілдері.

Тағы оқыңыз: Тасқынға тосқын: Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін қайта жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *