Жезқазған-Петропавл тасжолында бір күнде екі бірдей ірі жол апаты болды

Жезқазған-Петропавл тасжолының бойында бір күнде екі ірі жол апаты тіркелді. Тұрғындар жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне аталмыш жол учаскесінің дұрыс тазартылмауы және сапасының нашар болуы себеп дейді. Әлеуметтік желіде қазір бұл жағдай қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Кеше Qazaqstan Media тілшілері СҚО-да ірі жол-көлік апаты болып, екі адамның қайтыс болғандығы туралы материал жариялаған болатын. Бірер сағаттан соң нақ сол жол учаскесінде тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Қаңтардың 23-і күні кешкі сағат тоғыздар шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 880 шақырымында Lexus RX 300 және Toyota Alphard көліктері соқтығысты. Қазір аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналуда. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал алғашқы жол апатында зардап шеккен төрт адамның үшеуі Есіл аудандық орталық ауруханасында жатыр. Қазіргі таңда екі пациенттің жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

«Олардың бұлшық еттері созылып, миы шайқалған. Желке тұсынан жарақат алған. Ал біреуінің жағдайы сәл ауырлау дейді дәрігерлер. Оның миы шайқалған, жабық бас миының жарақаты бар. Сол жақ жеті қабырғасы сынған, кеуде қуысы жарақатталған, иық сүйегі сынған. Қазіргі таңда барлық қажетті ем-дом шаралары жасалып жатыр. Дәрігерлердің қатаң бақылауында. Тағы бір пациент ауыр жағдайда қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген болатын. Бүгін жарақат бөліміне ауыстырылды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Тұрғындар қазір әлеуметтік желіде осы мәселені қызу талқылап жатыр. Олар аталмыш жол учаскесінің сапасы өте нашар дейді. Оның үстіне қыста дұрыс тазартылмайтындығына шағымданып жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда су тарифі қымбаттауы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x