М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алдағы уақытта Қытайдың ауыл шаруашылығы, орман ғылымдары бағытында білім беретін университетімен әріптестік орнатпақшы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгіндері Петропавлдағы университетте АҚШ-тың Аризона оқу ордасының филиалы жұмыс істейді. Студенттер қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Алайда, оқу ордасы мұнымен шектелмей, әріптестік ауқымын кеңейтпек ниетте. Келешекте Солтүстік-батыс орман және ауылшаруашылық университетімен жұмыс істемекші. Бұл сұрақ университет өкілдерінің Қытайға барған сапары барысында талқыланды. Қос тарап та әріптестікті қолдап, алдағы уақытта студент алмасып, 2 дипломдық білім беру бағдарламасын ашуды қолдап отыр.
Тағы оқыңыз: Тайыншалықтар былтырғыдай көмір тапшылығы бола ма деп алаңдауда