1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілері қысқы шинамен жүруге міндетті. Бұл талап 1 наурызға дейін сақталады. Оны бұзған көлік иелеріне айыппұл салынады. Сонымен қатар, республикалық тас жолда орташа жылдамдықты асырғандар үшін де айыппұл қарастырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
2024 жылдың соңғы айы қазақстандық жүргізушілерге мынандай өзгерістер әкеледі: Желтоқсанның алғашқы күнінен көлік дөңгелектерін қысқыға ауыстырмағандар айыппұл арқалайды. Оның мөлшері — 18 460 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 36 920 теңге.
Сондай-ақ халықаралық және республикалық жолдарда орташа жылдамдықты асырған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Орташа жылдамдықты есептеу тәртібі мынадай: трассаның басында және аяқ жағында бейнекамералар бар, бірінші камера көліктің жолға шыққанын тіркесе, екіншісі келген уақытын тіркейді. Екі камераның уақытымен автоматты түрде көліктің трассамен жүрген орташа жылдамдығы есептеледі. Көлік жүргізушісі орташа жылдамдықты асырып жіберсе, айыппұл салынады. Ол 18 460 – 147 680 теңге аралығында.
Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында дәрігер үйі пайда болады