Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі. Ол 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні, деп жазады Qazaqstan Media.
2025 жылы Тәуелсіздік мерекесі сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі.
Ал, 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері. 1 және 2 қаңтар — мереке күндері, демалыс. 3 және 4 қаңтар – күнтізбеге сәйкес демалыс. 5 және 6 қаңтарда жұмысқа шығып, 7 қаңтарда Рождество болғандықтан, қайтадан демалады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30 және 31 желтоқсан — жұмыс, 1 және 2 қаңтар — мереке күндері. 3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні, 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс. 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері болса, 7 қаңтар Рождество болғандықтан демалады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 1500-ге жуық әйел мемлекеттік қызметте еңбек етеді

