Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері ауа температурасы 5 градусқа дейін жылынады. Сонымен қатар,  түнде қар жауып, көктайғақ болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Сенбі, 14 наурыз күні  облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Көктайғақ болуы ықтимал. Синоптиктердің айтуынша, өңірдің  батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде  тұман түседі.  Оңтүстік-батыстан жел соғып,  екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде кей аудандарда 8 градус суық болмақ.  Күндіз термометр көрсеткіші 2 градус жылыны көрсетеді.

Ал,  15 наурызда күндіз 5 градус жылы болады. Түнде 8 градус нөлден төмен. Бұл күні түнде облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қайтыс болған ер адам мәйіттік донор атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *