Қазақстанда жеке тұлғалардың көлік салығы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарада айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Вице-министр жиында сонымен қатар зейнеткерлердің бір салықтан босатылғанын атап өтті. Енді олар табыс салығын төлемейді. Және Азамат Әмрин көлік салығының мөлшерлемесі қалай өзгеретінін де түсіндірді.
«Бұл жаңа кодекс бәрімізге жеке тұлға ретінде қалай әсер етеді дегенге келсек, бәрімізде дерлік көлік бар. Жеке тұлғалардың бәріне көлік салығының мөлшерлемесі төмендетіледі. Егер көліктің қызмет мерзімі жылдан көп болса, мөлшерлеме 30 пайыз, қызмет мерзімі 20 жылдан артық болса, мөлшерлеме 50 пайыз төмендетіледі», — деді министрдің орынбасары.
Тағы оқыңыз:СҚО-дағы шаруашылықта 60-қа жуық ірі қарадан бруцеллез анықталды