Жаңа жыл мерекесін тойлау барысында қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін

Жаңа жыл мерекесін қарсы алғанда шу көтерілгені және тағы басқа әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтаған абзал. Заңбұзушылық анықталған жағдайда қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында демалады. Мейрам күндері айыппұл арқалағыңыз келмесе, қарапайым ережелерді ескерген жөн.

Көппәтерлі тұрғын үйлердегі негізгі ережелердің бірі – тыныштықты сақтау. Бұл мереке күндеріне де қатысты. Мәселен, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін шу шығармау керек. Ал демалыс және мереке күндері тыныштықты түнгі 23:00-ден таңғы 10-ға дейін сақтау қажет. Бұл ереже бұзылған жағдайда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 2023 жылы бұл – 17 250 теңге. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұл мөлшері 18 460 теңгеге артады. Заңбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есеге өседі. Ал мекемесі тұрғын үйде орналасқан кәсіпкерлерге белгіленген шу деңгейінен асып кеткені үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Отшашуға да қатысты жаза қарастырылған. Пиротехникалық өнімдерді пайдалану бойынша мынадай ережелер бар:

-отшашу жасау орнының айналасында кемінде 50 метр радиуста ағаштар,  электр желісі өртену қаупі бар нысандар,  автокөліктер және т.б болмауға тиіс;

— пиротехникаға арналған нұсқаулықтарды мұқият зерделеу керек. Өйткені оның ішінде пиротехниканы ату үшін қауіпсіз қашықтық туралы ақпарат жазылған.

— отшашу кезінде көрермен пиротехниканы ату алаңынан кемінде 35-50 метр қашықта тұрып, жел өтінде болмауы керек.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда 2023 жылы -103 500 теңгеге дейін, ал 2024 жылы – 110 760 теңге айыппұл салынуы ықтимал.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамға куәлік берілген

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x