Жаңа оқу жылынан бастап 3-сынып оқушылары «Бейнелеу өнері» пәнін оқиды

Елімізде жаңа оқу жылынан бастап 3-сынып оқушылары «Бейнелеу өнері» пәнін оқитын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Вице-премьердің дерегінше, қазіргі кезде «Бейнелеу өнері» пәні тек 1-2 сыныптарда аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесімен жылына 33-34 сағат толық оқытылады. Енді одан жоғары сынып оқушылары да бұл пәнді оқитын болады.

«Алдағы 2024-2025 оқу жылында 3-сыныпта және 2025-2026 оқу жылында 4-сыныпта оқытылатын болады. Негізгі орта білім беру деңгейінде «Көркем еңбек» пәні 5-6 сыныптарда аптасында 2 сағаттық жүктемесімен жылына 68 сағат оқытылады. Оның ішінде 1 сағат «Визуалдық өнер» бөліміне бөлінген», — деді Тамара Дүйсенова.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жоғалған бүлдіршін үйінен бес шақырым жерден табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x