Орталық сайлау комиссиясы Жаңа Конституцияны қабылдау үшін өтетін республикалық референдумды өткізудің  күнтізбелік жоспарын бекітті. Сонымен қатар, саяси науқанға 20 млрд теңге жұмсалатыны белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media.

Кестеге сәйкес, 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт жүргізіледі.

21 ақпан – аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдарын, референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жарияланады.

22 ақпан – референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізімдерді ұсыну керек.

27 ақпан-4 наурыз – азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

12-14 наурыз – бюллетеньдерді жеткізеді.

14 наурыз – тыныштық күні.

15 наурыз – дауыс беру күні. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Референдум нәтижелері туралы ОСК-ның ресми хабарламасы дауыс беру аяқталғаннан кейін 7 күннен кешіктірілмей жарияланады.  Қазақстан Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге үкімет резервінен 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді, Ол бұл соманың 75 пайызы учаскелік комиссия мүшелерінің жұмысына төленетінін алға тартты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2025 жыл қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *