Солтүстік Қазақстанда түзету мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан азамат бес бірдей бейнебақылау камерасын сындырған. Осылайша ол 1,1 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға былтыр СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде болған. Жазасын өтеушілердің бірі үздіксіз жұмыс істейтін бес бірдей бейнебақылау камерасын сындырған. Салдарынан 1 млн 157 615 мың теңге шығын келтірді.

«Айыртау аудандық соты Т. есімді азаматқа «№51 мекеме» РММ-нің бейнебақылау жүйесін сындырғаны үшін 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталған адамнан мемлекет пайдасына келтірілген залал өндірілді»,  — делінген облыстық прокуратура ұсынған ақпаратта.

Өңірдегі түзету мекемелерінде мұндай тағы екі жағдай тіркелген. Колония мүлкіне зақым келтірген азаматтарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кетейік, түзету мекемелеріндегі бейнебақылау жүйесі тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және сотталғандар мен пенитенциарлық мекемелер қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда шешуші рөл атқарады.

Тағы оқыңыз: Есірткі өткізгені үшін сотталған мыңға жуық адам түрмеден ерте шығуы мүмкін 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *