Жасыл желекке зиян келмейді: 2025 жылы Петропавлдың басты көшесі жаңартылады

Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесі жаңа кейіпке енеді. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда орналасқан әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесін жаңарту қажеттігі жайлы бұрыннан айтылып келеді. Алайда, айтылған әңгіме сол күйі қалып қоя беретін. Бірақ биыл қалалық әкімдік сөзден іске көшіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген. Сөйтіп, келер жылы Қазақстан Конституциясы көшесін жаңарту жұмыстары басталады.

«Көше қаладағы ең танымал орындардың бірі болып табылады. Оны әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі деп те атайды. Біз көшені кеңейтпекпіз. Айта кету керек, одан өсіп тұрғын жасыл желекке зиян келмейді. Жарық шамдарын және тас төсемені алмастырып, жаңа архитектуралық элементтерді қосуды жоспарлап отырмыз. Жоба үш кезеңде іске асырылатын болады», — деді қала әкімі.

Жасыл желекке зиян келмейді: 2025 жылы Петропавлдың басты көшесі жаңартылады Жасыл желекке зиян келмейді: 2025 жылы Петропавлдың басты көшесі жаңартылады

Тағы оқыңыз: Петропавлда сегіз жаңа жылдық шырша орнатылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *