Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы елді мекендердегі жасыл желектерге келтірілген залалды есептеуде маңызды кемшіліктерді анықтады. Тексеру барысында ағаштарды заңсыз кесу кезінде залал мөлшері қате әдіспен есептеліп келгені белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұған дейін кей жағдайларда елді мекендердегі ағаштар үшін орман қорының базалық мөлшерлемелері қолданылған. Ал бұл талаптарға сай келмейді. Мәселен, орман қоры үшін залал ағаштың текше метрімен есептелсе, елді мекендердегі жасыл желектер үшін әрбір ағаш немесе бұта жеке-жеке және жоғары мөлшерлемемен бағалануы тиіс. Осы айырмашылық экологияға келтірілген нақты залалды азайтып көрсеткен.

Прокуратураның бастамасымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдауымен Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілді. Енді елді мекендердегі жасыл желектерге келтірілген залал дұрыс әрі бірнеше есе жоғары мөлшерде есептелетін болады.

Бұл жаңашылдық табиғатты қорғау талаптарын бұзған тұлғалардың жауапкершілігін күшейтіп, экологияға ұқыпты қарауға ықпал етеді.

Қадағалау органы алдағы уақытта да нормативтік құқықтық актілердің заң талаптарына сәйкестігін тұрақты түрде бақылап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға арналған жиын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *