Петропавлда Qyzyljar jastary форумы өтті. Іс-шара Qyzyljar арт орталығында ұйымдастырылды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам белсенді қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Qyzyljar jastary — бұл адамдардың жан-жақты дамуына, өз ойын емін еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін пікірсайыс алаңы. Мұнда әр қатысушы бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бүгін бұл іс-шараға облыстың 13 ауданынан келген белсенділер қатысты.

Жастар тәжірбие алмасты: Петропавлда Qyzyljar jastary форумы өтті

«Жақында Петропавл жастары ШҚО-дан оралды.  Онда олар «Бірлік» халық ассамблеяларының жастар лагеріне қатысты. Сондай-ақ Риддер қаласында да осындай жастар форумы өтті, оған да СҚО- ның  өкілдері қатысты. Енді жастар еліміздің шығысында алған тәжірибелерімен осында бөліседі деп үміттенемін», — деді «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Александр Урмашев.

Іс-шара соңында қатысушыларға Абылай хан резиденциясында тимбилдинг және экскурсия ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыз:Петропавлда кәріз құбыры жарылып, көше мен жертөлелерді су басты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x