Жарты жылда 151 адам жіті ішек инфекциясына шалдықты

Биылдыққа Солтүстік Қазақстан облысында 151 тұрғын жіті ішек инфекциясына шалдықты. Сырқаттанғандардың 48-і – 14 жасқа дейінгі бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жіті ішек инфекциялары адамның ағзасына ауыз қуысы арқылы түсетін бактериялардан пайда болады. Аурулар тобына сальмонеллез, дизентерия, эшерихиоз, тағамдық токсикоинфекциялар, шартты-патогенді қоздырғыштардан туындаған жіті гастроэнтериттер жатады. Бұның салдарынан дәрет бұзылып, асқорыту жүйелерінің зақымдануына алып келеді. Адамның бойын әлсіздік билеп, іші ауырып, лоқсып, құсса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс.

«Жіті ішек инфекциялары ауруынан сақтану үшін жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау керек. Қолды жиі-жиі сабындап жууды естен шығармаймыз. Бұл әрекеттерді әсіресе тамақтанар алдында және дәретханадан кейін жасау керек. Тек қайнатылған, тазартылға суды ішіңіздер. Жеміс-жидек, көкөністерді жердің алдында жақсылап жуып-шаю қажет. Кішкентай балаларға ыстық сумен шайып беріңіздер», — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Салтанат Бекқожина.

Мамандар ет, тауық еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін дұрыстап қуырып, дайындауға кеңес береді. Жаңа дайындалған тамаққа алдыңғы күннен қалғанын қосып жеудің де қажеті жоқ. Астан қалған және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жинап қоймай, бірден сыртқа шығарып тастау қажет. Көп уақыт тұрын қалса шыбындар мен тарақандар пайда болуы мүмкін.

«Жалпы алғанда, үйді әрдайым таза ұстауға тырысу қажет. Кішкентай балаларға піспеген сүт пен шикі жұмыртқа беруге болмайды. Қауын, қарбыз, құлпынай сынды тауарларды сақтау шараларына мән берген жөн», — дейді маман.

Үстіміздегі жылы облыстың 151 тұрғыны аталған инфекцияға шалдыққан. 48 жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанды.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның шөп дайындау қарқыны төмен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x