Жиынға медицина факультетінің шамамен 30-ға жуық студенті қатысып, халықпен қабылданатын өзгерістердің әлеуметтік маңызы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жүздесу ашық форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды.

«Біз ғылым мен білімнің ел дамуының негізгі қозғаушы күші екенін, сондай-ақ мемлекет саясатының адамға бағдарлануы — қазіргі қоғамның басты басымдығы екенін айқын түсінеміз. Өйткені, зияткерлік әлеуеті жоғары, білімді әрі бәсекеге қабілетті азаматтар ғана мемлекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына жол ашады. Бұның барлығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында көрініс тапқан. Бұл баршамызды қуантады», — деді М. Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.

Жобада денсаулық сақтау саласына қатысты жайттар бар. Атап айтқанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алу құқығын нақтылау, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру. Бұл өзгерістер медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Мұндай талқылаулар жастардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамдық өзгерістерге бейжай қарамауына ықпал береді. Конституция жобасы бойынша түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдум нәтижесінде айқындалатынын қоса кету қажет.

Тағы оқыңыз: Гүлбақша Мұсабаева: «Тәуелсіздік — біздің басты байлығымыз»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *