Жамбыл ауданында Ұлыстың ұлы күніне орай бата беруден сайыс өтті. Шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Байқауға 20 жуық оқушы мен қариялар қатысты. Шараның өткізудегі басты мақсат — бата беру дәстүрін насихаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Сонымен қатар, жастарды ізгілікке баулып, қолдау көрсету.
«Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең — сәлемдесу. Мұнда оқушылар өлең жолдарымен немесе басқа түрде амандасты. Кейін «Бата тәрбие бастауы» айдарымен Наурыз батасын жаттап айтты. Соңғысы арнайы берілген тақырып бойынша бата түрлерін жатқа айтты»,-дейді ұйымдастырушылар.
Сайысқа қатысқан әр оқушының баталары да әртүрлі болды. Олар осылайша әдебиетке, ұлттық мәдениет пен қазақы тәрбиеге жақын екендерін дәлелдей алды. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4 — сынып оқушы Дияр Баязит қанжығасына байлады.
І орынды — аталмыш мектептің 1 — сынып оқушысы Дулат Махамбет иеленді. Ал, екінші орын үш балаға бұйырды. Олар: Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2 — сынып оқушысы Серік Расул, 4 — сынып оқушысы Адақ Алдияр мен Баян жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы Мергенбай Ерсұлтан.
Үшінші орын да үшеу. Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Нұржан Әлинұр, Баян жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Мұхтар Жансерік және Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2- сынып оқушысы Амантай Айбар иеленді.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар тарту етілді. Тағылымы мол сайысты өткізуге жеке кәсіпкер Светалана Жанова мен «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» Жамбыл аудандық филиалы демеушілік етті.
Тағы оқыңыз: Тәртіпке үндеген ақындар: Уәлиханов ауданында прокуратура қылмыстың алдын алуға өнерді жұмылдырды

