Жамбыл ауданындағы Питное көлінде балық қырылды. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алабұға мен мөңкенің 100 келісі өліп қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кеше табиғат жанашырларынан құралған мобильді топ Жамбыл ауданындағы Питное көліне барды. Сапар барысында су айдыны тексеріліп, 100 келі балықтың қырылғаны анықталды. Судан сынама алынды. Алабұға мен мөңкенің өлекселері зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жиналды.
«Кладбинка ауылдық округунің әкімдігі төңіректен балық өлекселерін жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Сынама қорытындысы бойынша балықтың неден қырылғаны белгілі болады», — деп хабарлады СҚО бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да шошқа өсіретін кешеннің төрт қызметкері қаза тапты