Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында екі адамның өмірін алған өрт оқиғасы орын алды. 76 және 78 жастағы ерлі-зайыптылардың денесін құтқарушылар тапты, деп жазады Qazaqstan Media.

Тілсіз жау туралы хабар құтқарушыларға ақпарат 19 желтоқсан күні таңғы сағат алтыдан кете  түскен. Жер үйдегі ортты ауыздықтауға үш техника мен 15 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

«Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орынан мамандар 1949 жылы туған ер адамның және 1947 жылғы әйел адамныңы денесін тапты»,-деп нақтылады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды толықтай сөндіруге бір сағаттан артық уақыт кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 16-шы желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов ауданында болған өрттен зейнеткердің көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыз: Петропавлда спорт инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *