Жамбыл ауданында Ұлттық спорт күніне спорт кешені ашылды

Наурызнама бойынша, 20-шы наурыз – Ұлттық спорт күні. Осыған орай Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Онда спорттың бірнеше түрінен облыстық жарыс ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында Пресновка ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Енді заманауи спорт кешенінде балалар мен ересектер жыл бойы түрлі спорт түрлерімен айналыса алады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа нысанның ашылуына қатысып, Жамбыл ауданының тұрғындарын наурыз мейрамымен құттықтады.

Жаңа спорт нысанында қазақ күресі, садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақтан сайыстар өтті. Оған өңіріміздің жүзден аса спортшысы қатысты. Әсіресе, жастар арасында кең таралған қазақ күресінен белдесуге шыққан оқушылар көп болды. Өзара мықтыны анықтауға 70 бала ниет ектен.


Ал, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен 50 жасөспірім сайысты. Сонымен қатат, ниет еткен әр жас садақ атудан бағын сынай алды.

«Садақ ату сайысына көбі бірінші рет қатысып отыр. Олар мергендіктіреміне қатар, өз күштерінде көсретті. Оларға садақтытқалай ұстау керектігін, жебені дұрыс тартуды елімізге танымал блогер, аттарымен танымал Асыл Ахметова үйретті»-дейді ұйымдастырушылар.

Жаңа ашылған дене шынықтыру сауықтыру кешеніндегі спорттық шараны Жамбыл ауданынан шыққан елге танымал Жамбыл Тасеменов, Жанат Жақиянов, Орал Өркешев сынды спортшылар да тамашалады. Жүзден озып шыққан жеңімпаздар марапатсыз қалмады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық 30 жігіт әскерге аттанды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x