Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының екі ауылында медициналық пункттердің құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада Айымжан және Баян ауылдарының тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Медициналық пункттерді аталмыш елді мекендерде салу кездейсоқ емес. Бастысы-тұрғындардың саны. Жамбыл ауданының бас дәрігері Бақыт Қашағанованың айтуынша, соңғы бес жылда бұл ауылдарда тұратын адамдардың саны азаймапты.
«Алдағы он жылда Баян ауылындағы, Айымжан ауылындағы халық саны 50 адамға дейін төмендемейді деп болжауға болады. Біріншіден, онда жаңа жұмыс орындарын ашатын шаруа қожалықтары мен ЖШС жұмыс істейді. Кешендер де салынуда. Яғни, ауылдардың болашағы бар. Демек, халық үнемі медициналық көмекке мұқтаж», — деп атап өтті Бақыт Қашағанова.
Айта кетейік, 2024 жылдың бірінші қаңтарында Айымжан ауылында 220 адам, Баян ауылында 326 адам тұрды.
Қазір жергілікті фельдшерлер медициналық қызметтерді үйде көрсетіп келеді. Он жылдан астам уақыт бойы мамандандырылған көмек пункттері болған жоқ.
«Әрине, бұл ауылдарда бейімделген ғимараттар болған кезінде. Бірақ уақыт өте келе олар жарамсыз болып қалды. Оларды жөндеу мүмкін болмады. Тұрғындар стационарлық медициналық пункттерсіз қалды. Мамандарды қабылдау мүмкін болмады», — дейді Жамбыл ауданының бас дәрігері Бақыт Қашағанова.
Бұл мәселені шешу үшін 2020 жылдан бастап халық жылжымалы медициналық пунктте – жабдықталған автобуста тексеріле бастады.
«Осы автобуспен біз ауылдарды араладық. Қабылдауды тар мамандар жүргізді. Мысалы, гинекологтар, стоматологтар. Соның ішінде, осындай жылжымады медициналық көмек көрсету барысында ультрадыбыстық диагностика жүргізілді», — дейді Бақыт Қашағанова.
Енді жаңа медициналық нысандарда ауыл тұрғындары үшін: манипуляциялық, процедуралық және егу кабинеттері ашылады.
Айымжан ауылындағы медициналық пункт бір қабатты болады. Іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызылыпты. Енді шатырды жабу керек. Электр және кәріз желілері тартылады. Сонымен қатар, жұмысшылар аумақты абаттандырады. Нысанды 31-ші тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр. Қазір құрылыста 12 адам еңбек етуде. Жобаны «Сигрост» ЖШС жүргізеді. Жұмыс құны-145 млн теңге. Инженерлік желілер бойынша жоба-20 млн теңгеден асады.
Баян ауылында әзірге алты маман еңбек етіп жүр. Ғимараттың қабырғалары қазірдің өзінде қойылған. Шатыр жабылған. Мердігер «Аида» ЖШС барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауға уәде береді. Есептеулер бойынша нысан құны 145 млн теңгені құрайды. Инженерлік желілер 24 млн теңгеге жуық қаражатты қажет етеді.
Тұрғындар жайлы медициналық пункттер қыркүйек айында есігін айқара ашады деп үміттенеді. Петропавлдан Айымжан ауылына медициналық колледждің түлегі, медбике болып келеді. Ғимарат пайдалануға берілгенше, медициналық көмек уақытша үйде көрсетілетін болады.
Айта кетейік, медициналық пункттердің құрылысына тапсырыс беруші Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 45 жастағы ер адам зардап шекті