Жамбыл ауданындағы Преснов ауылдық округінің бірқатар жолдары қайта қалпына келтірілмек. Қазіргі уақытта елді мекендегі Батыров көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, аудан орталығының Е. Шайкин, Пионерская көшелері мен Колхозный қиылысындағы жөндеу жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 200 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сәуір айында аудан орталығындағы Жеңіс саябағы да абаттандырылды. Ол жерге жаңадан Чернобыль апаты және Семей ядролық сынақ полигонына қатысушыларға және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш тақталар орнатылды. Қазір Преснов ауылдық округінің орталық бөлігінде де абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Елді мекен тұрғындары үшін шағын архитектуралық пішіндер орнатылып, сынған гүлзарлар қайта қалпына келтірілмек. Сондай-ақ вело жол салу жоспарланған.
«Преснов ауылындағы аялдамаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл тағы қосымша 5 аялдама орнатылады. Сондай-ақ 9 жаяу жүргіншілер жолағына жарық диодты белгілер қою жұмыстары басталды. Күз мезгіліне қарай аудан орталығы мен Железное ауылында балалар ойын алаңдарын орнататын боламыз. Маусым айында Пресновканы 10 бейнекамерамен қамту жоспарлануда», — деді Преснов ауылдық округінің әкімі Қайрат Сансызбаев.
Тағы оқыңыз:СҚО-да әкім орынбасарына айыппұл салынды