Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында 15 жыл трактор тізгіндеп, ерлермен тең жұмыс істеген Бану Ажанова тұрады. Ол жастық шағын егін даласында, шабындықта шөп тиеумен өткізген, деп жазады Qazaqstsn Media тілшісі.

Бүгінде жасы 70-ке таяп қалған Бану Ажанованың жастармен бөлісетін тәжірибесі мол. Себебі, ол жастайынан тракторға мініп, сол кездегі ауылымен аттас Жаңажол совхозын дамытуға үлес қосқан. 1974-1976 жылдары совхоз құрылған бетте ауылдың 10 шақты қызы тракторшының оқуына жіберіледі. Кейін кейіпкеріміз оқуын аяқтап, қолына қағазын алғасын бірден жұмысқа тұрады.

Жамбыл ауданында 15 жыл трактор тізгіндеген әже тұрады 

«Ауылдан барған қыздардың бес-алтауы шамалы уақыт қана жұмыс істеді. Біз үш қыз бірге жүрдік. 15 жыл тракторшы болды. Көктем мен күзде егін басында боламыз. Бидай тасимыз. Жазда шабындық басында жүреміз. Шөп арттық. Жер жырттық. Ерлермен тең жұмыс істейтінбіз. Заман солай болды ғой», деп еске алады Бану Ажанова.

Бану Ажанова туған ауылына туын тіккен жан. Ол өзінің жұмысын ешкімге міндет қылмай, сол кездегі қатарластарынан қалмай еңбек еткен. Кеудесіне төс белгі, медаль тақпаса да, алған алғыс хаттары мен мақтау қағаздары жетерлік. Адал еңбегімен көзге түсіп, демалыс орындарында жолдамамен  болыпты. Бұл да еңбегімнің зая кетпей, бағаланғаны, дейді зейнеткер.

Жамбыл ауданында 15 жыл трактор тізгіндеген әже тұрады

«Қазір тракторға мінген қыздарды көрмейміз ғой. Жеңіл машина жүргізуі мүмкін. Бірақ, өзге техниканы игеретіндер өте аз. Ауылда шаруа қожалықтарында ер адамдар ғана жұмыс істейді. Бұрынғыдай ауыр жұмыс жоқ қазір. Біздің кезіміде бәрін қолмен жасайтын едік. Совхоздың барлығын шөппен қамту үшін жаз бойы далада жүреміз. Одан қалса қар тоқтатуға да шығамыз. Қыз бала деп қарамайтын, бәріміз тең жұмысшы болдық», — дейді Бану Ажанова.

Жамбыл ауданында 15 жыл трактор тізгіндеген әже тұрады

Совхоз ыдырай бастағанда кейіпкеріміз бұзау бағып, поштада да еңбек еткен. Бірақ, қай жерде жұмыс істесе де, абыроймен атқарып, ұжымда беделге ие болды. Оның суреттері жастарға үлгі болсын деп ауылдағы мұражай, кітапхана және мектепте ілулі тұр. Бұл еңбек адамының елдің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін құрмет.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Киелі кимешек» көрмесі ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *