«Жамау-жамау жолдардың кесірінен апат жиі болады»: СҚО әкімі «ҚазАвтоЖолдың» жұмысын сынға алды

Биыл өңірдегі республикалық маңызға ие жолдардың 193 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бірқатар учаскілерде бұл шаруа аяқталып та қалған. Алайда сапасы сын көтермейді. Оның үстіне қырық жамау жолдарда апат та жиі болады. Жауыр болған жол мәселесі бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ облыстық филиалы өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың 193 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған 6,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Жұмыстар М. Жұмабаев, Ғ. Мүсіреров, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Аққайың және Тайынша аудандарында жасалуда. Кей учаскілерде шаруа аяқталған. Бірақ оның сапасы сын көтермейді.

«Жамау-жамау жолдардың кесірінен апат жиі болады»: СҚО әкімі «ҚазАвтоЖолдың» жұмысын сынға алды

«Жамау-жамау жолдардың кесірінен апаттар жиі болып, көліктер кюветке ұшып кетеді. Өйткені, шұңқырларға асфальт дұрыс төселмейді. Нәтижесінде, жол тегіс болмайды. Сондықтан тұрғындар әрине шағымданады», — деді облыс әкімі.

Бұл мәселені жиынға қатысқан «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ облыстық филиалының өкілдері ескеретіндігін айтты. Өңір жетекшісі жай ғана ескеру аздық етеді деді. Егер жол дұрыс жөнделмесе, оны қабылдамай, мердігер компанияны жауапқа тарту қажет екендігін ескертті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жолдарды жөндеуге бөлінген қаражат толық игерілмеген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x