Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионы ұзаққа созылған реконструкциядан кейін қайта ашылды. 2022 жылы басталған жөндеу жұмыстары бірнеше кезеңге бөлініп, 2024 жылдың соңында толық аяқталған болатын. Ал бүгін жаңартылған стадионда «Қызылжар» футбол клубы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңарту аясында стадион УЕФА стандарттарына сай келетіндей етіп қайта жабдықталды. Жасанды жабын төселіп, алаңға жылыту және суару жүйелері орнатылды. Сонымен қатар, жарықтандыру, дыбыстық жүйе және электронды табло жаңартылды. Әкімшілік ғимараттың аумағы кеңейтіліп, жаңа киім ауыстыру бөлмелері, массаж кабинеті және VIP аймақтар салынды.

Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады
Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады

«Стадион заманауи талаптарға сай келеді. Көрермендердің қызығушылығы жоғары. Алдағы уақытта шығыс трибунаға 8 мың орындық орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, стадион толық жаңғыртылып, халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдауға дайын болады», — деп айтты «Жеңіс»мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Сабыржан Әбілтаев.

Стадионның ашылуына орай өткен алғашқы матчта жергілікті «Қызылжар» командасы «Ұлытау» клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынды жанкүйерлер ұзақ күтті. Осыған дейін стадионға барып сүйікті командасвн қолдай алмаған петропавлдықтар алаңның жаңартылғанына өте қуанышты.

«Стадиондағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны жақсы болды. Енді жиі келіп, командамызды қолдайтын боламыз», — дейді қала тұрғыны.

«Жаңартылған стадион көңілімізден шықты. Бәрі әдемі. Ең бастысы ойыншыларымыздың жеңіс сыйлағаны қуантты», — деп өз ойымен бөлісті қала тұрғыны.

Матч аяқталғаннан кейін, Солтүстік Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының волонтерлері трибуналарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Еріктілердің мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады
Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады

«Бүгінгі акция арқылы біз жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруды көздедік. Стадиондағы тазалық — бұл тек қана сыртқы тәртіп емес, бұл біздің ішкі мәдениетіміздің көрінісі. Біз жастарды осындай іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз», — деді СҚО волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова.

Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады
Жаңартылған стадиондағы алғашқы жеңіс: «Қызылжар»ФК өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдады

 

Тағы көріңіз: Солтүстік Қазақстанда 42 заманауи сүт кешені жұмыс істейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *