Елімізде “Аналар күні” мен “Әкелер күні” мерекесі пайда болады. Елімізде мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Енді мамырдың екінші жексенбі “Аналар күні” мерекесі аталып өтіледі. Ал “Әкелер күні” маусымның үшінші жексенбісіне белгіленді. Мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық зейнеткерлер бал биін үйреніп жүр