Петропавлдық Татьяна Геворкян Ойқала шағын ауданының бұрынғы тұрғыны. Тасқын кезінде үйі су астында қалып, мамандар мамыр айында баспанасын тұруға жарамсыз деп тапқан. Осылайша, Татьяна Геворкян 2 ай күтіп «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті

Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті

Қала тұрғынына «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйдің кілті 27 шілде күні табысталды. Баспана тұрғынның көңілінен шыққан. Енді ол, үйдің жан-жағына гүл отырғызып, бау-бақша екпек. Тұрғынның бұрынғы баспанасының ауданы 28 шаршы метр болса, қазіргі үйінің ауданы 80 шаршы метр. Татьяна қазіргі таңда 100 АЕК көлеміндегі жәрдамақыға үйіне қажетті керек-жарақтың біразын сатып алған.

Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті

Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті

«Петропавлда тасқын болып, үйім су астында қалған кезде мен Ресейде болдым. Жаңалықтарды БАҚ-тан, жақындарымнан біліп отырдым. Кейін 1 аптадан кейін елге келдім. Бізге таңдау берілген кезде,осы «Бірлік» ауданындағы жер үйді таңдадық. Жаңа үйіме жақын болсын деп емханаға да жұмысқа орналастым. Автобуспен барып келемін. Ең бастысы, ыңғайлы, өзіме ұнайды», — деді Татьяна Геворкян.

Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті

Тағы оқыңыз:СҚО полицейлері көрші елдерде іздеуде жүрген 24 қылмыскерді ұстады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *