Петропавлда жалғыз ғана суға шомылуға арналған жағажай бар. Бірақ оның өзі талапқа сай емес. Демалыс орны келушілерді қызықтырмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін Петропавлда суға шомылуға арналған екі орын болған. Былтырғы су тасқыны кезінде соның бірін, яғни Есіл өзенінде орналасқан қалалық жағажайды су шайып, ол суға түсуге жарамсыз болып қалды. Қазір ТЖД қызметкерлері Есіл өзенінің жағасын зерттеп, тұрғындар үшін жаңа шомылу орындарын анықтамақ. Сондықтан бүгіндері суға шомылуға рұқсат етілген жалғыз орын — Пестрое көлінің жағажайы ғана қалды.

Қазіргі уақытта демалыс орнының маңын қоқыстан тазарту, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Маусымның 1-не дейін жағажай аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 27 көлеңкелі шатыр, бес киім ауыстыратын орын, төрт жуыну бөлмесі, бес қоқыс жәшігі орнатылады. Жағажайға 40 шезлонг, волейбол алаңына және футбол қақпасына торлар жеткізіледі. Құтқарушыларға арналған екі кәсіби орын бар», деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

«Әрине, мұның бәрі жақсы ғой. Бірақ орындық, шатырлар мен жуынатын жерлер жағажайда онсыз да болуы керек.  Одан да адамдарды тартатындай қызықты нәрселерді ойлап тапқан жөн. Жағажай бизнесін ұйымдастыра алатын кәсіпкерлерді тарту керек», — деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Суға шомылу маусымы: СҚО жазғы демалысқа дайын емес

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *