Жаңа Салық Кодексі жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері өзгерістер мен толықтырулардың бизнеске қаншалықты тиімді екенін баян етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құжат әр кәсіпкерге алға жылжығу мүмкіндік береді. Мысалы, кейбір тұлға қазынаға қаржы аудара алмай қалуы мүмкін. Мұндай сәтте мемлекеттік органдар «түсіністік» қағидатын ұстанады.
«Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп-бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетілуде. Берешек аз болған жағдайда бизнес шоттарына тыйым салынбайды. Хабарламалар мен шаралар борыш сомасына қарай кезең-кезеңмен қолданылатын болады», — деді СҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстаря және байланыс орталығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Жұмабекова.
Салық төлеушілер мен жеке тұлғаларда жаңа Салық кодексіне қатысты сұрақтар болуы мүмкін. Өзгерістер туралы толық мәліметті СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына немесе әлеуметтік желілердегі аккаунтарында жарияланады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жерасты жылу коллекторында болған өрттен екі әйел күйік алды