Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің бір ғасырдан астам тарихы бар. Оқу орны Есіл ауданында орналасқан. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» асында білім ұясының тыныс тіршілігімен Qazaqstan Media редакциясының тілшілері танысып қайтты.
Колледжде 450-ден астам студент оқиды. Қазіргі таңда жаңа оқу жылына қабылдау жүріп жатыр. 220 талапкер келеді деп күтілуде.

«Колледжде жатақхана мәселесі атымен жоқ. Барлық студент 100 пайыз баспанамен қамтылады. Студенттер үйінді әрбіреуіне бар жандай жасалған. Колледжімізде арнайы бөлме бар. Аумақта арпа, бидай, сұлу, картоп өнімдер өсіріледі. Күзде жиналатын астық оқу орнының фермасындағы мал беріледі», -деді колледжі директоры Бейімбет Бұғасов.
Колледждің оқу кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған. Солардың көмегімен еттің құрамында бактерия бар-жоғын анықтауға болады.
«Ветеринария» мамандығын өзім таңдадым. Жануарларды жақсы көремін. Анам да, атам да мал дәрігер болып қызмет етеді. Оқуым өте қызықты, ұстаздармен түрлі тәжірибе жасаймыз»-, деді колледж студенті Александр Корпенко.
Колледждің жеткен жетістіктері де аз емес. 2019 жылы «Жас маман»жобасы аясында үздік атанған. Қомақты қаражат иеленген. Сонымен қатар, оқу орнында шағын сүт зауыты мен мал бордақылау қосыны бар.
Тағы оқыңыз: Оңтүстік Корея елінің азаматы Қозыбаев университетіне оқуға түсті